Алматыда алаяқтықтың 45 дерегіне қатысы бар азамат анықталды
Сурет: Zakon.kz
35 жастағы қала тұрғынына қатысты 45 алаяқтық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігі бойынша күдікті ретінде 35 жастағы Е.есімді азамат ұсталды.
"Аталған азаматтың жәбірленушілерді көліктерін заңдастыруға көмектесемін деп алдап, ақша алғаны анықталды. Зардап шеккендер арасында науқан кезінде, яғни 1 шілдеге дейін шетелдік көлікті заңдастырып үлгермегендер де бар. Іскер азамат осы арқылы табыс табуды ұйғарып, сенгіш азаматтарға 1,4 млн теңгеден бастап 1,8 млн теңгеге дейінгі ақыға құжат рәсімдеуді ұсынған. Қазіргі уақытта 45 эпизод тіркелген. Осы деректер бойынша күдікті өз кінәсін мойындады. Ол қамауға алынды", – дейді Әуезов аудандық полиция басқармасының бастығы Ұлан Әбілқайыр.
ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес, өзге ақпараттар тергеу мүддесіне орай жариялауға жатпайды. ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР ҚПК-нің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, заңды күшіне енген сот үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам қылмыстық құқық бұзушылық жасауда кінәсіз деп танылады.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript