Қарағанды облысы әкімі орынбасарының жиені "Вагнер" құрамында соғысқаны рас па
Сурет: gov.kz
Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз хатшысы Марина Шаповалова "Облыс әкімі орынбасарының жиенінің "Вагнер" құрамында соғысып жүр" ақпаратқа жауап берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оның айтуынша, бұл ақпарат - жалған.
"Құрметті журналистер мен "Фейсбук" және басқа да әлеуметтік желілердің белсенді пайдаланушылары! Бүгін кейбір пабликтер Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Вадим Басин туралы жалған ақпараттарды тарата бастады. Вадим Басиннің айтуынша, оның жиендері жоқ. Сондықтан оның жиені ЧВК "Вагнер" құрамында соғысты деген ақпарат шыңдыққа жанаспайды", - деп жазды Шаповалова Facebook-тегі парақшасында.
Бұған дейін БАҚ-та Қарағанды облысы әкімінің бірінші орынбасары Вадим Басиннің "жиені" Николай Басиннің 2022 жылы 7 қарашада Украинадағы Бахмут маңында қайтыс болғаны туралы ақпарат тараған еді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript