Жаңалықтар тізбегі
0

Шекараны заңсыз кесіп өткен Үндістанның бір, Непалдың үш азаматына қатысты тергеу басталды

полиция, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.08.2023 01:52 Сурет: polisia.kz
Қостанай облысында көші-қон саласындағы заңнаманы бұзған 85 шетелдік ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қостанай облысы полиция департаменті көші-қон қызметінің бастығы Қайрат Дүтпаевтың айтуынша, шілде-тамыз айларында Үндістанның 34 азаматы, Пәкістанның, Сирияның және Непалдың 3 азаматының Қазақстанда жүру мерзімі өтіп кеткенін анықталған.

Үндістан мен Пәкістанның 23 азаматы елден шығарып жіберілген және олар әкімшілік айыппұл төлеген. Қабылдаушы тараптардың біріне қатысты заңсыз көші-қонды ұйымдастыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Қазақстанның шекара қызметі Үндістанның бір азаматы мен Непалдың үш азаматына қатысты ҚР мемлекеттік шекарасын заңсыз кесіп өткені үшін сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған.

Сонымен қатар рейдтік іс-шаралар барысында 17 тамызда өңірдің құрылыс нысандарының бірінде еңбек қызметін заңсыз жүзеге асырған 42 Өзбекстан азаматы анықталды. Шетелдік жұмыс күшін заңсыз пайдаланған бизнес субъектісіне ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 519-бабының 1-бөлігі ("Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып, шетелдік жұмыс күшін және еңбек көшіп келушілерді тарту") бойынша әкімшілік материал жасалды. Баптың санкциясында 100 АЕК мөлшерінде айыппұл қарастырылған. 

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: