Қытайда "Эрис" инфекциясы жылдам таралуда

Қытайда «Эрис» инфекциясы жылдам таралуда, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.08.2023 14:17 Сурет: akorda.kz
Қытайда "Эрис" инфекциясы жылдам таралуда. Жергілікті дәрігерлердің мәліметінше, сәуірде ковидке шалдыққандар арасында, оны жұқтырғандар 0,6 пайыз ғана болған, деп жазады Zakon.kz.

Ал тамызда мұндай науқастардың қатары 71 пайыздан асқан. "Омикронның" бір тармағы саналатын бұл вирус 2021 жылдың қарашасында пайда болды, деп жазады qazaqstan.tv.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәлімдеуінше, ол басқа нұсқаларға қарағанда қоғамдық денсаулыққа көбірек қауіп төндірмейді.

Қазіргі уақытта "Эрис" әлемнің 50-ден астам елінде анықталып отыр. Ал АҚШ-та коронавирус диагнозы қойылғандардың 17%-нан осы штамм расталған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: