Жаңалықтар тізбегі
0

Солтүстік Қазақстанда егін орағы басталды

Солтүстік Қазақстанда егін орағы басталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.08.2023 15:22 Сурет: Zakon.kz
Өңірдегі ауыл шаруашылығы құрылымдарына жеңілдетілген бағамен 60 мың тонна дизельдік отын бөлінді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бидай түсімі гектарынан 15 центнер. Бұл – жылдағы орта көрсеткішке сай. Биыл өңірде 4,5 млн гектар алқапқа тұқым сіңірілген болатын, деп жазады qazaqstan.tv.

Оның 3,2 миллионы дәнді, 960 мың гектары майлы дақылдар. Сонымен қатар жемшөп, картоп пен көкөністің басқа да түрлері егілді.

Өңірдегі ауыл шаруашылығы құрылымдарына жеңілдетілген бағамен 60 мың тонна дизельдік отын бөлінді.

Ауыл шаруашылығы мамандарының айтуынша, астық сақтайтын қоймалар жаңа өнімді қабылдауға әзір.

"13 мыңнан астам арнайы техника жұмылдырылды. Оның 2 мыңы биыл сатып алынды. Жылдың соңына дейін алынған техниканың көлемі 2,5 мыңға дейін өсетін болады. Астық сақтау қоймаларының сыйымдылығы облыста өндірілетін астықты сақтауға толығымен қамтамасыз етеді." Әсем Айтолла, Ауыл шаруашылығы басқармасының баспасөз хатшысы
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: