Ақшабұлақ кен орнында вагон-цистерна жарылып, бір адам қаза тапты

Ақшабұлақ кен орнында вагон-цистерна жарылып, бір адам қаза тапты, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.08.2023 17:27 Сурет: polisia.kz
Полицейлер Қызылорда облысындағы Ақшабұлақ кен орнындағы өрттің мән-жайын анықтап жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.
"19 тамыз күні түнгі сағат 02:20 шамасында Ақшабұлақ кен орнында вагон-цистерна жарылып, одан кейін өрт шыққан. Салдарынан 1 адам оқиға орнында көз жұмды, 3 адам облыстық аурухананың жансақтау бөліміне жатқызылды, 1 адам медициналық көмекке жүгінді," - делінген ресми ақпаратта.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiнің 156 бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Тиісті сараптамалар тағайындалды, мән-жай анықталуда.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: