Маңғыстаулық зейнеткер марихуана сортының 12 бұтасын өсірген

полиция, есірткі, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.08.2023 01:15 Сурет: polisia.kz
Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы Сайын Шапағатов елді мекенінде орналасқан үйлердің бірінде марихуана сортының өсімдіктерін заңсыз өсірді деген күдікке ілінген жергілікті тұрғын ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тінту жұмыстарын жүргізу кезінде учаске аумағында жалпы салмағы 820 грамм болатын марихуана сортының 12 бұтасы табылып, тәркіленді.

Тергеу барысында күдікті аталған өсімдіктерді жеке мақсатта пайдалану үшін өсіргені анықталды.

63 жастағы күдікті азаматқа қатысты ҚР ҚК-нің 300-бабы 1-бөлігі (Құрамында есiрткi заттар бар, өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi заңсыз егіп-өсіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Өзге мәліметтер тергеу мүддесінде жария етілмейді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: