839 жаңа кәсіп еліміздің Ұлттық сыныптауышына енгізілмек
Сурет: pexels
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2017 жылғы ҚР Ұлттық сыныптауышына (бұдан әрі – ҚР ҰС) өзгерістер енгізбек. Талдау шеңберінде жаңартылған ҚР ҰС жобасына 900-ден астам мамандық бойынша өзгерістер енгізу жоспарланып отыр, оның 839-ы жаңа болады.
Өзгерістер жобасы мемлекеттік органдармен, жергілікті атқарушы органдармен, ҚР Кәсіподақтар федерациясымен және "Атамекен" ҰКП-мен талқылау қорытындысы бойынша жасалды.
Сонымен қатар жұмыс берушілер қауымдастығының, Электрон еңбек биржасында тіркелген жұмыс берушілердің, кәсіптік стандарттарды әзірлеушілердің және Жаңа кәсіптер мен құзыреттер атласының ұсынысы ескерілді.
"№ 1 "ҚР ҰC 01-2017 Кәсіптер сыныптауышына" өзгерістер жобасы стандарттау жөніндегі Ұлттық органның сайтына (www.ksm.kz) жарияланған. "Талқылау" – "Стандарттар" – "ҚР ҰС жобаларын талқылау" бөліміне ұсыныстар мен толықтыруларды қосуға болады. Ұсыныс 15 қазанға дейін қабылданады", ө делінген министрлік хабарламасында.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript