Жаңалықтар тізбегі
0

Медициналық мекемелерге 629 миллион теңге айыппұл салынды

Медициналық мекемелерге 629 миллион теңге айыппұл салынды, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.08.2023 15:27 Сурет: Zakon.kz
Жыл басынан бері Алматыда 95 мың медициналық қызмет түрлі кемшіліктермен көрсетілген. Мәселен, дәрігерлер емдеу-диагностика барысында белгіленген стандарттардан ауытқыған.

Сондай-ақ медициналық құжаттарды дұрыс толтырмай, қызмет бағасын негізсіз өсіру сынды олқылықтарды жіберген. Тіпті, 10 миллион теңгеге "көрсетілді" деп жазылған көмектің шын мәнінде көрсетілгенін растай алмаған клиникалар да бар болып шықты, деп жазады qazaqstan.tv.

Медициналық сақтандыру қоры талапқа сай жұмыс істемеген мекемелерге 629 миллион теңге айыппұл салды. Қор мамандары стационарлар медициналық қызмет көрсетуден бас тартқан жағдайда бірден хабарлауды сұрады.

"Егер пациентке қажетті көмек көрсетуден бас тартылса, онда олар әр медициналық ұйымда құрылған пациенттерді қолдау және ішкі сараптама қызметіне жүгіне алады. Егер мұнымен де мәселе шешілмесе, онда азамат 1414 бірыңғай байланыс орталығына немесе медсақтандыру қорының арнайы сайтына жүгінуі керек. Содан кейін қор мамандары сұрақты шешуге кіріседі. Бір нәрсені ескеру керек, шұғыл медициналық көмек қажет болған жағдайда емделушінің медсақтандырудан өткені маңызды емес. Ал егер жоспарлы ем-дом болса, диагностикалық тексерулерді күту мерзімі 10 күннен аспауы тиіс." Тілеухан Әбілдаев, Медициналық сақтандыру қоры алматы қалалық филиалының директоры
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: