Жаңалықтар тізбегі
0

Атырау облысының полицейлері құны 1,5 млн теңге болатын синтетикалық есірткі сақтаған күдіктіні ұстады

Есірткі саудасымен айналысқан адамдар ұсталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.08.2023 17:45 Сурет: Zakon.kz
"Қарасора – 2023" іс-шарасы барысында Атырау облысының полицейлер құны 1,5 млн теңгені құрайтын синтетикалық есірткі сақтаған күдіктіні ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атырау облысы полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерімен бірлесіп "Қарасора – 2023" жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында синтетикалық есірткіні аса ірі көлемде сатумен айналысты деген күдікпен 38 жастағы Жамбыл облысының тұрғынын анықтады.

Күдіктінің тұрғылықты мекенжайын тексеру кезінде 15 полимерлі зип-пакет, жалпы салмағы 35,34 грамм есірткіге ұқсас ақ түсті ұнтақ заты бар бір пакет, электрондық таразы, Iphone және Vivo телефондары, 144 мың теңге, 701 АҚШ доллары тәркіленген.

Сараптама қорытындысымен алынған заттын салмағы 35,34 грамм синтетикалық есірткі екені анықталды. Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылған. Аталған дерек бойынша ҚК-тің 297-бабы 3-бөлігімен сотқа тергеп-тексеру басталды. Өзге ақпарат ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: