Жаңалықтар тізбегі
0

Атырауда "Ұлттық қыздар мектебі" атауында жұмыс істеген мекеме біржола жабылып тынды

Ұлттық қыздар мектебі, Атырау , сурет - Zakon.kz жаңалық 24.08.2023 21:02 Сурет: Zakon.kz
Атырауда "Ұлттық қыздар мектебі" атауында жұмыс істеген мекеме біржола жабылып тынды. Өткен жылы дау туындап, бұл жекеменшік білім ошағы оқушы қыздарға салафиттік бағытта тәлім беріп жатыр деген айып тағылған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ауданаралық экономикалық сот жыл бойы оқушыларға лицензиясыз білім беріп келген мектептің жұмысын тоқтатқан. Былтыр 100-ден астам бойжеткенді қабылдаған бұл жекеменшік оқу орнының жұмысына атыраулықтар күмәнмен қарап, әлеуметтік желіге бейнежазбалар таратты. Онда олар бұл мектепте оқитын қыз балалар түгелдей хиджабпен келетінін айтқан. Кейін ол қоғамдық резонанс туғызды. Мектеп басшылары мұны жоққа шығарып, "мекеме қазақы салт-дәстүрді ұстанады, балалар ұлттық киімдермен келеді" деп ақталды. Бірақ жекеменшік мектепті ашқан кәсіпкерлер білім беру қызметін көрсету үшін лицензия алмай, жұмысын бастап кеткені анықталды, деп хабарлайды КТК.

Заңдылыққа сай олар алты ай ішінде рұқсат алуы тиіс екен. Алайда жыл бойы лицензиясыз білім беріп, оқу жылын аяқтапты. Осылайша білім беру сапасын бақылау департаменті заңдылықтарды бұзған кәсіпкерді сотқа берген.

"2022 жылы мәселе анықталғаннан кейін бірнеше рет тексеру жүргізілді. Атырау облысы әкімшілігі сот арқылы екі рет айыппұл салынды.Сонымен қатар бұл мектеп лицензия алуға өтініш білдірген. Алайда олардың біліктілік талаптары лицензия алуға сәйкес келмеді. Сондықтан бұл мекеме лицензиясын алмады. Біз эколоникалық мамандандырылыағн сотқа бердік. Соттың шешіміне сәйкес қызметі тоқтатылды". Атырау облысының білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Бердібек Тайышов
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: