Тоқаев Жаңа жыл түнінде жұмыс істеген қазақстандықтарға алғысын айтты

Жаңа жыл кеші, Жаңа жыл, ҚР президенті, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.01.2023 10:35 Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жаңа жыл түнінде жұмыс істеген қазақстандықтарға алғысын білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл жөнінде ақпарат Ақорданың Telegram арнасында жарияланды

"Жаңа жыл түнінде азаматтардың қауіпсіздігі мен денсаулығын сақтау, сондай-ақ маңызды нысандардың үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін еңбек еткен медицина қызметкерлеріне, құтқарушыларға, өрт сөндірушілерге, полицейлерге, әскери қызметшілерге, коммуналдық және басқа да салалардағы азаматтарға алғыс айтамын". Қасым-Жомарт Тоқаев

Сондай-ақ Президент Жаңа жыл түнінде жұмыс істеген еңбеккерлерге зор денсаулық, бақ-береке тіледі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: