Ay Yola тобы қазақстандықтарға алғысын білдірді

Ay Yola тобы қазақстандықтарға алғысын білдірді, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.05.2025 10:42 Сурет: Telegram/Ay Yola
Башқұртстандық Ay Yola тобы Алматыда құшақ жая қарсы алған қазақстандықтарға алғысын білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан халқының бірлігі күні алматылықтар башқұрлық музыканттардың әлемдік хиті Homay әнін жанды дауыста тыңдап, құлақ құрышын қандырды.

Ал 4 мамыр күні топтың мүшесі желіде қазақстандықтарға алғысын білдірді.

"Қазақстан, сен кереметсің! Осындай жылы қабылдау, назар, шынайы реакция мен шын көңілден шыққан қызығушылық үшін алғысымыз шексіз. Біз сіздердің қонақжайлылықтарыңызды алғашқы минуттардан-ақ сезіндік. Келген әрбір жанға, тыңдаған, бізбен бірге сезінген әр адамға рахмет!" – деп жазды музыканттар естелік бейнежазба астында.

Әншінің айтуынша, Абай алаңындағы екі қойылым да ұзақ уақыт есте қалады. Олар кәсіби және әуесқой түсірілімдер үшін ерекше алғыстарын білдірді.

"Бейнежазба түсіріп, сәттермен бөлісіп, стористер жариялаған барлық жанға рахмет. Сіздер осы жолдың әрі қарай жалғасуына көмектесесіздер", – деді ол.

Бұған дейін Димаш жаңа бейнебаянының тизерін жариялағаны хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: