Жаңалықтар тізбегі
0

"Ешқашан тегін алмаймын!". Желіде Тоқаевтың видеосы қызу талқыланып жатыр

Қасым-Жомарт Тоқаев, әлеуметтік желі, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.08.2023 13:12 Сурет: akorda.kz
ҚР Президентінің телерадиокешені Қасым-Жомарт Тоқаевтың видеосын жариялады. Онда Мемлекет басшысы кез келген нәрсені ешқашан тегін алмайтынын, әрдайым ол үшін ақы төлейтінін айтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл видео желідегі әртүрлі парақшалар мен бұқаралық ақпарат құралдарында қызу талқыланып, тез тарай бастады.


Желі қолданушыларының көбісін Президенттің бұл әрекеті тәнті етті:

  • "Президентіміз өте қарапайым, өте ақылды адам! Тіл-көзден сақтасын!".
  • "Дұрыс, әр зат еңбекпен келеді".
  • "Дұрыс, тегінге құмар адамдар ұнамайды. Әр заттың, әр еңбектің өз құны бар. Адам еңбегін бағалау керек".
  • "Текті адам, абыройын сақтаған Президент, Таразға келгенде де сатып алған бәрін".
  • "Тоқаев мырза бәрімізге үлгі болатын нәрсе көрсетті".


Айта кетсек, Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 2023 жылы 25-26 тамызда Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонның Астанаға жұмыс сапарымен келген болатын. Мемлекет басшысы Астана әуежайында Эмомали Рахмонды өзі қарсы алды. Эмомали Рахмон Қазақстан Президентіне қонақжайлылығы үшін ризашылығын білдірді. Қос елдің президенттері алдымен шағын құрамда, одан кейін кеңейтілген құрамда келіссөздер жүргізді.

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон Қазақстандағы Тәжікстанның мәдениет күндерін ашты және Тәжікстанның халық шығармашылығы көрмесін аралады.

26 тамызда Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон 2022 жылы салынған Астананың Бас мешітінде болып, сондай-ақ Тәжікстанның тауарлар көрмесін тамашалады.


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: