Жаңалықтар тізбегі
0

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон Қазақстандағы Тәжікстанның мәдениет күндерін ашты

Салтанатты шара, Астана опера театры,  Тәжікстанның Қазақстандағы мәдениет күндері, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.08.2023 22:58 Сурет: akorda.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон Қазақстандағы Тәжікстанның мәдениет күндерін ашты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекеттер басшылары Тәжікстанның Қазақстандағы мәдениет күндерінің ашылу рәсіміне қатысты. Шара екі ел арасындағы дипломатиялық қатынастардың 30 жылдығына орай ұйымдастырылып отыр.

"Астана Опера" театрында тәжіктің "Зебо", "Гулрез", "Парасту" би ансамбльдері, сондай-ақ Амирджон Рузи, Шарофат Усмонзода, Ситораи Кароматулло, Тахмина Ниезова, Рахматулло Хошим, Фотимаи Худойберди және тағы басқа әншілер өнер көрсетті.


Салтанатты шара, Астана опера театры,  Тәжікстанның Қазақстандағы мәдениет күндері, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.08.2023 22:58

Сурет: akorda.kz


Тәжікстанның Қазақстандағы мәдениет күндері 23-26 тамыз аралығында өтеді. Шара аясында тәжік кинематографиясының жауһары саналатын "Рустам мен Сухроб" көркем фильмі көрсетілді.


Концерт, Тәжікстанның Қазақстандағы мәдениет күндері, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.08.2023 22:58

Сурет: akorda.kz


Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 2023 жылы 25-26 тамызда Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонның Астанаға жұмыс сапарымен келетіні хабарланған болатын. Тоқаев Астана әуежайында Рахмонды қарсы алды. Эмомали Рахмон Қазақстан Президентіне қонақжайлылығы үшін ризашылығын білдірді. Қос елдің президенттері алдымен шағын құрамда, одан кейін кеңейтілген құрамда келіссөздер жүргізді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: