Франциядағы мектептерде киім тәртібі қатаңдатылып жатыр

Франциядағы мектептерде киім тәртібі қатаңдатылып жатыр, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.08.2023 13:43 Сурет: pixabay
Францияның мемлекеттік мектептерінде жаңа оқу жылында қыздардың жаулық тағуына ғана емес, сонымен қатар, мұсылманша абайа, яғни, ұзын әрі кең көйлек киюіне тыйым салынады.

Мұны осы елдің білім министрі Габриэль Атталь мәлімдеді, деп жазады qazaqstan.tv.

"Сыныптарда оқушылардың сыртқы көрінісі бірден дінді байқатпауы керек", - дейді ол.

Франция халқының 5 миллионы - мұсылмандар.

Оңшыл саясаткерлер мұсылманша киімге қатысты тыйымды күшейтуді қолдап отырса, солшылдар мұндай заңдар әйелдер мен дін жолындағылардың құқығын таптайды деп есептейді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: