Жаңалықтар тізбегі
0

Министр Ғани Бейсембаев: Хиджаб киген оқушылардың ата-анасы түсіне бастады

Министр Ғани Бейсембаев: Хиджаб киген оқушылардың ата-анасы түсіне бастады, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.10.2023 16:17 Сурет: pixabay
Қазір Қазақстан мектептерінде оқушы қыздардың хиджаб киюіне қатысты мәселе жоқ. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қыркүйек айының басында министрдің айтуынша, Атырау облысында 150-ден астам қыз хиджаб кигендіктен мектепке бармаған. Олардың ата-анасына түсіндіру жұмысы жүргізілген.

"Мектеп балалардың сапалы білім мен тәрбие алуы үшін құрылғанын бәріңіз жақсы түсінесіздер. Сондықтан ата-аналардың көбі түсініп, қабылдай бастады. Қазір бұл мәселе толығымен шешіліп жатыр. Мектеп – сапалы білім мен тәрбие алатын орын. Бірін екіншісімен шатастырмау керек. Қазір мұндай сұрақтар жоқ. Басқа өңірлер бойынша орамал таққан оқушылардың саны туралы менде ешқандай мәлімет жоқ. Маған берілген ақпаратқа сай, мұндай оқушылар (хиджаб кигені үшін мектепке бармай жүргендер - ред) қазір жоқ".Ғани Бейсембаев

2023 жылдың 22 тамызында министр Қазақстан мектептерінде хиджаб кию туралы айтқан еді. Ғани Бейсембаев заң талаптары бойынша барлық оқушы сабаққа мектеп формасымен келуі керек екенін еске салды.

6 қазанда ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева елімізде дінге қатысты мәселелер мұқият зерттелетінін атап өтті. Оның айтуынша, қоғамдық орындарда никаб пен қысқа шалбар киюге тыйым салу мүмкіндігі қарастырылып, зерттеледі.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: