Жаңалықтар тізбегі
0

Жамбылдық полицейлер ауыл тұрғынынан 30 келіге жуық есірткі тәркіледі

Есірткі саудасымен айналысқан адамдар ұсталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.08.2023 17:46 Сурет: ҚР ІІМ
2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарды орындау мақсатында "Қарасора – 2023" жедел алдын алу іс-шарасы шеңберінде жедел ақпараттарды жүзеге асыруда 53 жастағы Шу ауданы тұрғынының бақшасынан өсірілген есірткі бұталары мен ерекше иісі бар жасыл түсті өсімдік тектес заты табылды.

Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген заттың жалпы салмағы 31 келі каннабис, сондай-ақ жалпы салмағы 9,22 грамм кептірілген марихуана және жалпы салмағы 3,15 грамм гашиш есірткісі екендігі анықталды.

Жедел-іздестіру іс-шараларын Жамбыл облысы ПД ЕҚҚІҚБ, ҚР ІІМ ЕҚҚІҚД, ҚР ҰҰ "Бүркіт" АМБ қызметкерлерімен, сондай-ақ пилотсыз ұшу аппаратын және Теа атты қызметтік-іздестіру итін қолдана отырып жүргізді.


"Ұсталған азамат кінәсін мойындады. Қазіргі уақытта осы дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 300-бабы 2-бөлігі (Өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді егу немесе өсіру немесе қарасора, көкнәр немесе құрамында есірткі заттары бар басқа да өсімдіктердің сорттарын өсіру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Бұл баптың санкциясы үш жылдан сегіз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді", – дейді Жамбыл облысының ПД ЕҚҚІҚБ бастығы Әлім Бажықбаев.


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: