Жамбыл облысында такси жолаушысынан бір қап марихуана табылды

Заң бұзған адам жауапқа тартылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.08.2023 13:03 Сурет: Zakon.kz
2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарды орындау мақсатындағы "Қарасора – 2023" жедел алдын алу іс-шарасы шеңберінде жедел ақпаратты іске асыруда Меркі – Шу – Бурылбайтал көлік жолының 14-шақырымында Volkswagen автокөлігі тоқтатылды.

Тексеру кезінде көліктің артқы жүк салғыш бөлігінде Меркі ауданының 31 жастағы жолаушысына тиесілі есірткі заты салынған полиэтилен қапшық табылды.

Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген зат жалпы салмағы 6 келі кептірілген марихуана екені анықталды.

"Ұсталған азамат кінәсін мойындап, Меркі ауданының уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Қазіргі уақытта осы дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 296-бабы 4-бөлігі (Аса ірі мөлшерде есірткі құралдарын заңсыз сақтау) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Бұл баптың санкциясы 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді", – деді Жамбыл облысы ПД ЕҚҚІБ бастығы Әлім Бажықбаев.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: