Қасым-Жомарт Тоқаевтың бес жаңа көмекшісі болады

Қасым-Жомарт Тоқаевтың бес жаңа көмекшісі болады, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.09.2023 15:25 Сурет: Zakon.kz
2023 жылғы 1 қыркүйекте Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің құрылымын қайта ұйымдастыру туралы жарлыққа қол қойды. Құжатқа сәйкес, мемлекет басшысының бес жаңа көмекшісі болады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құжатқа сәйкес, президент көмекшілерінің лауазымдары белгіленді:

  • ішкі саясат және коммуникациялар бойынша;
  • экономикалық мәселелер бойынша;
  • халықаралық мәселелер бойынша;
  • құқықтық мәселелер бойынша;
  • ғылым және инновация туралы.
"Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасарларының лауазымдары жойылуда. Сондай-ақ Президент Әкімшілігінің төрт бөлімі қысқартылды", - делінген Ақорданың Telegram-каналында жарияланған хабарламада.

Бұған дейін Қазақстан Президенті Әкімшілігінің құрылымы қайта жасақталғаны хабарланған болатын. Толығырақ жоғарыдағы сілтемеден оқыңыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: