Қасым-Жомарт Тоқаев Руслан Желдібайды қызметінен босатты
Сурет: akorda.kz
Ақпаратты Ақорданың баспасөз қызметі бүгін, 2026 жылғы 29 қаңтарда жариялады.
"Мемлекет басшысының Жарлығымен Руслан Сұлтанұлы Желдібай Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Президенттің Баспасөз хатшысы лауазымынан босатылды", – деп жазылған ресми ақпаратта.
Руслан Желдібай - 1989 жылы дүниеге келген.
2010 жылы Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін тәмамдаған. "Болашақ" халықаралық білім беру бағдарламасының түлегі. 2017 жылы Ұлыбританиядағы Уорик университетінің магистратурасын бітірген.
Еңбек жолын 2011–2012 жылдары "Қазақстан" ұлттық телеарнасында редактор болып бастаған.
2012–2018 жылдары – "Алматы" телеарнасында бөлім басшысы, продюсер.
2018–2019 жылдары – ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің интернет-кеңістіктегі және әлеуметтік желілердегі ақпараттық жұмыс басқармасының басшысы.
2019–2020 жылдары – ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитеті төрағасының орынбасары.
2020 жылғы мамырдан 2022 жылғы ақпанға дейін – ҚР Президенті Әкімшілігінің ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі орынбасары.
2022 жылғы ақпан–сәуір аралығында – ҚР Премьер-министрі кеңсесі басшысының орынбасары.
2022 жылғы сәуірден 2023 жылғы қаңтарға дейін – Қазақстан Президентінің баспасөз хатшысы.
2023 жылғы қаңтардан 2023 жылғы қыркүйекке дейін – ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары – Президенттің баспасөз хатшысы.
2023 жылғы 1 қыркүйектен 2025 жылғы 17 ақпанға дейін – ҚР Президентінің ішкі саясат және коммуникациялар мәселелері жөніндегі көмекшісі.
2025 жылғы 17 ақпаннан бастап – Президенттің кеңесшісі – Президенттің баспасөз хатшысы.
2025 жылғы 9 қыркүйекте Тоқаев Руслан Желдібайды өзінің көмекшісі етіп тағайындады.