Алматыда күздің алғашқы аптасында күн жылы болады, аракідік жаңбыр жауады деп болжанады
"Қазгидромет" РМК Алматы және Алматы облысы бойынша филиалының жетекші инженер-синоптигі Дәулет Кісебаевтың айтуынша, 2-8 қыркүйек аралығында оңтүстік астанада күндіз ауа температурасы +26...+28 градус деңгейінде болады. Келесі аптаның бірінші жұмыс күнінде және оның соңында синоптиктер жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп болжайды.
2 қыркүйек: көшпелі бұлт жүреді, күн райы жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде: +13...+15°С, күндіз: +25...+27°С.
3 қыркүйек: көшпелі бұлт жүреді, күн райы жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 2-7 м/с, кей тұста - 12 м/с. Ауа температурасы түнде: + 15...+ 17°С, күндіз: + 26...+ 28°С.
4 қыркүйек: көшпелі бұлт жүреді, аракідік жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 3-8 м/с, найзағай кезіндегі екпіні - 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде: +13...+15°С, күндіз: +18...+20°С.
5-6 қыркүйек: көшпелі бұлт жүреді, күн райы жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде: +9...+11°С, күндіз: +20...+22°С.
7 қыркүйек: көшпелі бұлт жүреді, аракідік жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Шығыстан соққан желдің екпіні - 3-8 м/с, найзағай кезіндегісі - 13 м/с. Ауа температурасы түнде: +11...+13°С, күндіз: +23...+25°С.
8 қыркүйек: көшпелі бұлт жүреді, күн райы жауын-шашынсыз. Шығыстан соққан желдің екпіні - 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде: +13...+15°С, күндіз: +23...+25°С.