Құтқарушылар мен ТЖ органдарының ардагерлері енді министрге тікелей хабарласа алады

ҚР ТЖМ, Төтенше жағдайлар министрлігі, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.09.2023 09:31 Сурет: gov.kz
4 қыркүйекте ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі WhatsApp мессенджерінде министрдің жеке құрамға арналған телефон нөмері іске қосылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомствоның мәліметінше, 4 қыркүйектен бастап WhatsApp мессенджерінде Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпхановтың тікелей телефон нөмері іске қосылды.

"ТЖМ аумақтық бөлімшелерінің, ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметкерлері, азаматтық қорғау органдарының ардагерлері + 7 747 651 75 88 нөмірі бойынша проблемалық сұрақтарды министрге тікелей жолдай алады", – делінген хабарламада.

ТЖМ баспасөз қызметі хабарламаны жіберген кезде аты-жөнін, лауазымын, тұрғылықты өңірді көрсету қажет екенін ескертті.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: