Құтқарушылар Кімасар шатқалынан қайтып оралмаған екі туристті құтқарды

Төтенше жағдайлар министрлігі Кімасар шатқалынан екі адам құтқарылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Республикалық жедел-құтқару жасағының 7 құтқарушысы, оның ішінде бір кинологиялық есептоп Фурманов шыңына қарай тауға шығып, қайтып оралмаған туристерді Кімасар шатқалынан тапты", - делінген министрлік хабарламасында.
ТЖМ құтқарушылары тауға шықпас бұрын туыстарыңызға немесе жақындарыңызға бағытыңызды және оралу уақытыңыз туралы ескерту қажеттігін еске салады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript