Қазақстанда ерлер мен әйелдердің жалақысы қалай ерекшеленеді
Finprom.kz сарапшылары 2022 жылы жыныс бойынша ерлер орта есеппен 355,3 мың теңге, әйелдер 265,8 мың теңге алғанын мәлімдеді. Сонымен қатар аймақтық контексте ерлердің ең жоғары орташа айлық жалақысы мына өңірлерде тіркелгені айтылады:
- Атырау (631,8 мың теңге);
- Маңғыстау (590,6 мың теңге);
- Ұлытау (489,1 мың теңге) облыстары.
Бұл аймақтарда жыныс бойынша жалақының ең үлкен айырмашылығы да байқалды.
"Мысалы, Маңғыстау облысында ерлердің жалақысы әйелдердікінен 2 есе, Атырауда 85,9 пайыз, Ұлытауда 68 пайыз артық", - деп нақтылады мамандар.
Бір қызығы, Жетісу өңірі - әйелдердің пайдасына қарай айырмашылық болған жалғыз өңір. Бірақ жалақыдағы ең аз айырмашылық Жамбыл, Алматы және Солтүстік Қазақстан облыстарында байқалды.
Әйелдердің ең жоғары орташа айлық жалақысы мына өңірлерде тіркелді
- Астана қаласы: 365,1 мың теңге;
- Атырау облысы (339,8 мың теңге);
- Алматы (320,1 мың теңге).
Сарапшылар әйелдердің орташа айлық жалақысы тек білім саласындағы ерлердің жалақысынан асып түскенін айтты: 4,8% (239,8 мың теңгеге қарсы 251,4 мың теңге).
"Әйелдердің ең жоғары жалақысы тау-кен өндіру және карьерлерді қазу (535,8 мың теңге), қаржы және сақтандыру қызметі (460,2 мың теңге), ақпарат және байланыс (403 мың теңге) салаларында тіркелді", - делінген хабарламада.
Бұған дейін статистика мамандары Қазақстанның "ең жас" адамдары тұратын аймақтарды атаған. Қазақстанның "ең үлкен" аймағы Солтүстік Қазақстан болды. Онда тұрғындардың орташа жасы - 38,9. "Ең жас" өңірлер – Маңғыстау және Түркістан облыстары. Онда халықтың орташа жасы небәрі 27,6 жас болды.