Жаңалықтар тізбегі
0

Баласы үшінші ауысымда оқыған алматылық тұрғын: Осы мектеп ашылады дегелі сыртынан қарап жүрдім

Жаңа мектеп, Алматы, үшінші ауысым, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.09.2023 21:54 Сурет: pixabay
Алматыда жыл сайын мектеп оқушыларының саны 14 мыңға көбейеді. Ірі мегаполис ретінде, демографиялық өсім мен халықтың тұрақты ағымы жаңа білім беру мекемелерінің қажеттілігін туғызып отыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қалада оқушы орындарының тапшылығы - 27 мың. Осы олқылықтың орнын белгілі бір деңгейде толтыру үшін биыл бір мемлекеттік және тоғыз жекеменшік мектеп ашылды. Жаңа оқу жылын жаңа мектепте бастаған балалардың қуанышында шек жоқ, деп хабарлайды Astana.tv.


"Бұрынғы мектепте біз 34 бала оқитынбыз бір сыныпта және үш ауысымда оқыдық, менің қызым үшінші ауысымда оқыды. Сағат 15:15-те сабаққа кіретінбіз. Тура бір ұйқы келетін уақыт және кеш шығатынбыз. Қиын болды балаға, уақыты өте аз болды. Осы мектеп ашылады дегенде келіп қарап жүрдім, ең қатты ұнағаны әрбір оқушы бір-бір партада отырады екен және бір сыныпта 25 баладан". Ата-ана Айжан Мұхамеджанова
"198-ші мектепке бергенбіз ол жақтан алыс болды, таксимен ары-бері қатынау қиындау болды, сондықтан биыл 211 мектеп-гимназиясы ашылғаннан кейін осында беріп жатырмыз, өте ризамыз, осы ауданда осындай мектептің салынып жатқанына". Ата-ана Мақпал Ошақбаева

Түрксіб ауданында ашылған мектеп-гимназия қазақ тілінде білім береді. Оқу ордасы заманауи технологиялармен толық жабдықталған.

"Бұл мектеп жалпы 1500 орынға арналған. Қазір 67 сынып ашылып, мектеп іске қосылып кетті. Балаларға барлық жағдай жасалған. Енді осы қазан айында тағы да 10 үй іске қосылады дейді. Түске дейін, 1 ауысымда 1500 бала оқыса, 2 ауысымда тағы да 1500, яғни 3000 орынға арналған мектеп. Кең, 3 қанатты. Ерекшелігі 3 қанатты блогта әр балалар буын-буын бойынша оқиды". №211 мектеп-гимназиясы директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Ұмсынай Бектұрсынова

Биыл жыл соңына дейін Алмалы, Бостандық, Медеу аудандарында 3150 оқушыға арналған 6 жекеменшік мектеп пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: