Жемқор шенеуніктерден тәркіленген ақшаға тағы 28 мектеп салынады

 ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі жаңа мектептің құрылысы туралы айтты, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.02.2025 09:35 Сурет: ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі
Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры есебінен 22 мың оқушы орнына арналған тағы 28 жаңа мектеп салынады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы 2025 жылдың 25 ақпанында ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша құрылған Қор жемқорлардан тәркіленген қаражат есебінен толықтырылып келеді. Оның негізгі мақсаты білім беру ұйымдары үшін жаңа ғимараттар салу, кеңейту арқылы апатты мектептер мен орын тапшылығын жою.

Сурет: ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі

"Мемлекет балалар үшін қолайлы жағдай жасауға ерекше көңіл бөліп келелі. Бүгінгі таңда 74,4 мың орындық 61 мектеп пайдалануға берілді, оның 29-ы ауылдық елді мекендерде орналасқан", – деп атап өтті Инфрақұрылымды дамыту департаментінің басқарма басшысы Жайық Махсутов.

2024 жылы 25 мектеп салынды, олардың басым бөлігі Астана қаласында, және Маңғыстау, Алматы, Жамбыл облыстарында орналасқан. Барлық білім беру ұйымдары заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған.

Сурет: ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі

Естеріңізге сала кетейік, білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының есебінен 100 мыңға жуық оқушы орындық 89 мектептің құрылысы қаржыландырылды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: