Петропавл қаласының тұрғындарына шүмектегі суды ішуге тыйым салынды
Сурет: freepik
Петропавл тұрғындарына шүмектегі суды ішуге және оны тамақ дайындауға пайдалануға тыйым салынды. Бұған сумен жабдықтау желілерін жуу және дезинфекциялау жұмысы себеп болып отыр, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қала тұрғындарына шүмектегі суды уақытша ішуге болмайтынын "Қызылжар су" ЖШС ескертті. Коммуналдық кәсіпорын өкілдері сумен жабдықтау желілерін жуу және дезинфекциялау бойынша профилактикалық жұмыстар жүргізілетінін хабарлады.
Компания 9 қыркүйек сағат 00:00-ден 10 қыркүйек сағат 18:00-ге дейін Петропавл қаласында су беру тоқтатылатынын хабарлады. Осы кезеңде шүмектегі суды ішу қауіпті болмақ.
"Көрсетілген кезеңге қажетті су қорын жабдықтауды сұраймыз. Желілерді профилактикалық жуу кезеңінде краннан немесе су жинайтын колонкалардан суды ішуге және тамақ дайындауға пайдалануға тыйым салынады!"."Қызылжар су" ЖШС
Бұған дейін Алматыдағы Медеу ауданының бір бөлігі ұзақ уақыт сусыз қалды. Ол жерде тамыз айының басында ғана су толық беріле бастады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript