Жаңалықтар тізбегі
0

Өзге ауылға барып оқитын сырлысайлық оқушылар теперіш көріп жүргендерін айтты

Ұрып-соғу, мектеп, оқушылар, Түркістан облысы Сурет: pexels
Көршілес екі ауылдың мектебіне барып оқитын сырлысайлық оқушылар не үйірмеге, не салтанатты шараға қатыса алмайтындарын айтады. Өйткені белгілі бір уақытта жүретін көлікке бұл ыңғайсыз. Одан соң бөтен ауылға келген ер балалар ұр-тоқпаққа да көнуге мәжбүр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Биыл 1 қыркүйекте 162 оқушыны қабылдайды деген басшылардың сөзі де жерде қалды. Қазығұрт ауданындағы Сырлысай ауылында мектеп былтыр қолданысқа берілуі керек болған. Бірақ білім ошағы салынып бітсе де, есігі әлі жабық тұр. Амалсыз көрші ауылдардағы мектептерге барып жүрген Сырлысай ауылының оқушыларына ол жақтағы ер балалар қысым көрсететін болған. Сондықтан ата-аналар өз ауылымыздағы мектеп ашылмайынша, балалар үйде болады деп белдерін бекем буып отыр, деп хабарлайды КТК.

"Мектепте әртүрлі іс-шара болады. Одан кейін қосымша сабақтар, үйірмелер болады. Біздің балалар ондайға қатыса алмайды. Неге? Көлік уақытында келіп, "шығыңдар" дейді. Ол көліктен қалып қойса, жаяу қалады. Мектеп пен ауыл арасы - 8 шақырым". Ата-ана Тоқтагүл Жүнісова

Қолайсыздығы былай тұрсын, көрші ауылдардағы мектепке бару қауіпті де екен. Себебі Сырлысайдан қатынайтын оқушыларға Қақпақ ауылының ұлдары қырғидай тиеді екен.

"Сондықтан балаларымыз көрші ауылға барып білім алудан қорқады. Балаларымызды ұрып тастаған, бірде көзі көгеріп келеді, тағы бірде аяғы көгеріп келеді. "Кім ұрды, неге жылап келдің?" десек, "мектепке бармаймын" дейді. "Не себептен бармайсың?" десем, үлкен сыныптың балалары мектептің шыға беріс есігінде ұстап алады да, ұрып, тебеді екен. "Басқа мектептен келдің, біздің айдауымызбен жүресің" дегендей, ақша сұрайды. Ақша сұраған кезі де болған. Балаларымның қауіпсіздігі үшін мен басқа да мектепке, Қақпақ ауылындағы мектепке де үзілді-кесілді бермеймін".Гүлшат Вафаева

"Білімсіз қалса да, Сырлысайдағы мектеп ашылмайынша, ұл-қызын көрші ауылға жібермейміз" деген 20 шақты ата-ана құрылысы бітіп тұрған мектепті дереу ашсын дейді. Бірақ құрылыс басқармасы 640 миллион теңгеге салынған мектептің "әлі де кем-кетігі бар" деп, мердігерден қабылдамай отыр. 


"Кем-кетіктері бар, жұмыстан артта қалу болған. Одан кейін құрал-жабдықтарды басқа елдерден жеткізу кезінде кешіктірілген. Қазіргі таңда 99 пайыз нысан басына жеткізілді. Орнату, ретке келтіру, кабинеттерге қосу, жалғау жұмысы жүріп жатыр". Түркістан облысы құрылыс басқармасының бас маманы Мардан Серікбаев
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: