Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанда күн қайта ысиды

Қазақстан, ауа райы болжамы, жаңбыр, найзағай, ыстық, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.09.2023 16:40 Сурет: unsplash
Қазақстандық синоптиктер алдағы үш күнде – 2023 жылғы 7-9 қыркүйекте елімізде ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазгидромет" РМК ұсынған мәлімет бойынша, республиканың солтүстігінде, шығысында, орталығында ауа температурасы күндіз +18+25°С-қа дейін бірте-бірте көтерілетін болса, батыста, солтүстік-батыста – + 13 + 23 °С градусқа дейін төмендейді.

"Елдің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында негізгі фондық температура +22+30°C", – делінген хабарламада.

Бұл ретте, болжам бойынша, алдағы күндері республиканың басым бөлігінде найзағай ойнап, екпінді жел аралас жаңбыр жауады.

"8-9 қыркүйекте солтүстік-батыста, 9 қыркүйекте республиканың солтүстігінде қатты жаңбыр жауады, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында түнде қар аралас жаңбыр жауады деп болжанды". "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі

Синоптиктер Қазақстанның үш мегаполисіндегі 2023 жылғы 7-9 қыркүйекке арналған күн райы болжамын ұсынды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: