Синоптиктер еліміз бойынша демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамын ұсынды
"Қазгидромет" РМК ұсынған мәлімет бойынша, атмосфералық фронтальды бөліктердің әсерінен республиканың басым бөлігінде жауын-шашын болжанды.
"Елдің шығысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауып, жел күшейеді, еліміздің солтүстік жартысында қар жауады, республиканың оңтүстік облыстарында көктайғақ болады."Қазгидромет" РМК
Синоптиктердің болжамынша, тек Атырауда, Маңғыстау, Ақтөбе, Ұлытау және Қызылорда облыстарында атмосфералық қысымның жоғарылауы өрісінің әсерінен алдағы үш тәулікте ауа райы жауын-шашынсыз болады.
Республика бойынша тұман түседі.
Қазақстанның батысында, солтүстік-батысында ауа температурасы жоғарылайды, қалған өңірлерде төмендейді, алайда қатты аяз болжанбады.
Астана
25 ақпан: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан 9-14 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде -17-19°С, күндіз -12-14°С.
26 ақпан: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші түнде 2-7, күндіз 7-12 м/с болады. Ауа температурасы түнде -18-20°С, күндіз -9-11°С.
27 ақпан: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан 5-10 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде -12-14°С, күндіз -5-7°С.
Алматы
25 ақпан: бұлтты, күндіз жауын-шашын түседі, кейде қатты жауады, тұман, көктайғақ. Жел солтүстік-батыстан соғады, екпіні 12 м/с. Ауа температурасы түнде +1+3°С, күндіз +4+6°С.
26 ақпан: бұлтты, түнде қар жауады, күндіз жауын-шашын (қар, жаңбыр). Тұман, көктайғақ. Солтүстік-шығыстан 3-8 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде -5-7°С, күндіз 0+2°С.
27 ақпан: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман. Жел 0-5 м/с. Ауа температурасы түнде -7-9°С, күндіз +3+5°С.
Шымкент
25 ақпан: бұлтты, жауын-шашын, таңертең және күндіз қатты жауады (жаңбыр, қар). Кейде тұман түсіп, көктайғақ. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде және таңертең екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде және күндіз 0+2°С.
26 ақпан: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан 8-13 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде -5-7°С, күндіз +6+8°С.
27 ақпан: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан 8-13 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 0-2°С, күндіз +11+13°С.