Синоптиктер еліміз бойынша 23 қазанға арналған ауа райы болжамымен бөлісті

Тұман, Қазақстан, ауа райы болжамы, 23 қазан  , сурет - Zakon.kz жаңалық 22.10.2025 20:27 Сурет: pixabay
Синоптиктер алдағы бейсенбіде, 2025 жылы 23 қазанда Қазақстанда ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Болжам бойынша, түнде Жетісу облысының солтүстігі мен орталығында сынап бағаны 1-3 градус суықты көрсетіп, үсік жүреді деп күтіледі.

"Солтүстік антициклон еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райын анықтайды. Республикамыздың батысында, солтүстік-батысында ғана солтүстік-батыс циклон әсерінен жауын-шашын болады деп күтіледі. Республика бойынша түнде және таңертең тұман түседі, еліміздің батысында, оңтүстік-шығысында жел екпін алады деп болжанады". "Қазгидромет" РМК-ның баспасөз қызметі

Сондай-ақ Қазақстанның бірқатар өңірлерінде мынандай табиғи қатер байқалады:

  • жоғары өрт қаупі – Маңғыстау, Ұлытау облыстарында, Атырау облысының солтүстік-шығысында, оңтүстік-шығысында, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, шығысында, Жамбыл өңірінің орталығында, солтүстігінде, Қызылорда облысының орталығында, Алматы облысының батысында, Қостанай және Ақмола облыстарының оңтүстік-батысында, Абай облысының оңтүстігінде,
  • төтенше өрт қаупі – Қызылорда, Түркістан облыстарында, Атырау облысының оңтүстігінде, шығысында, Жамбыл облысының батысында, солтүстігінде, Ақтөбе облысының батысында, солтүстік-шығысында, орталығында, Алматы облысының солтүстігінде, Қостанай және Ұлытау облыстарының оңтүстігінде.

Бұған дейін синоптиктер 23-25 қазанда Қазақстанда ауа райы қандай болатынын айтып, өз болжамдарымен бөліскен.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: