Жаңалықтар тізбегі
0

Жаңадан тағайындалған әкім Ербол Қарашөкеевтің кабинетіне ашулы қауым басып кірді

Әкімнің кабинеті, Тараз, Ербол Қарашөкеев, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.09.2023 21:35 Сурет: senate.parlam.kz
Тараздағы 15-ші ықшам ауданда тұратындар балаларын жекеменшік мектепке оқытуға мәжбүр. Өйткені Ұлы дала ауданында әлі күнге дейін бір де бір мемлекеттік білім ошағы бой көтермеген, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өңірдегі жекеменшік мектепте оқитын 10 мыңнан астам оқушы тегін тамақтан қағылған екен. Сонымен қатар оқу жылы қарсаңында көмек ретінде берілетін 40 мың теңгенің де бір тиыны қарашының қолына тимеген. Ата-аналар жеке мектепке балаларымызды ақшамыз асып-тасығаннан емес, мемлекеттік мектептің болмауынан бердік дейді. Ашуланған ата-аналар облыстық әкімдік алдында айқаға басты. Олар өңірдің жаңа басшысымен кездеспекші болған. Бірақ Ербол Қарашөкеев келмегесін, жиналғандар әкімнің кабинетіне басып кірді, деп хабарлайды КТК.


"Қазақстандағы барлық балалардың құқығы бірдей. Сондықтан білім министрі рұқсат берді ме, жекеменшік мектеп ашуға, демек барлық мемлекеттік мектептердің құқығымен бірдей қылып беру керек. Тамақты да, кітапты да, басқасын да. Сонда бұл жекеменшік мектепте оқып жатқан балалар Қазақстанға жатпайтын балалар ма? Білмеймін, түсінбей тұрмын".Нұрбибі Молдашова

 Әкімдіктегі шенеуніктерден бастап құзырлы органдарға дейін аяғынан тік тұрғызған ата-аналар су жаңа әкімді де жұмсақ креслосынан тұрғызбай қоймады. Аймақ басшысы жиналғандарды залға кіргізіп, арыздарын министрлікке жеткізетінін айтты.

Ербол Қарашөкеев, Жамбыл облысының әкімі:

- Қазіргі таңда бұл мәселе ашық. Министрлік айналысып жатыр.

"Енді бұларды министрлікке қарауын ұсынып жатырмыз. Жақын күндері қаралады. Сөйтіп жекеменшік мектептерді қосайын деп отырмыз. Сол өзгерісті күтіп отырмыз". Жамбыл облысы білім басқармасының басшысы Мейірхан Өмірбек

Сосын жаңа әкім ертең дауы басылмайтын, мәселесі таусылмайтын ауданға өзі барып, мәселені май шаммен қараймын деп басу айтқандай болды.

"Министрлікпен, қазір министрмен сөйлесіп, сіздердің проблемаларыңды жеткіземін. Ол жағынан күмән болмасын. Мен шағынауданды өз аяғымен жүріп аралаймын. Уайымдамаңыз. Кездесуде тек Жамбылда ғана емес, барлық өңір бойынша жеке мектептерде ақылы тамақтанып жүрген оқушылар жайында да сөз болды". Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев

Шенеуніктер бұл мәселе жақын арада Мәжіліс мінберінде көтерілетінін айтып қалды. Егер ұсыныс қабылданса, жаңа заңға өзгерістер еніп қалуы бек мүмкін. Ал мектепке жарымаған Ұлы дала ауданында қазір төрт мектептің құрылысы жүріп жатыр. Қараша айында 1200 балаға арналған су жаңа ағарту ошағы мерзімінен бұрын пайдалануға берілмек.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: