Ғалымжан Елшібай журналистер одағының атқарушы директоры болды
Сурет: facebook.com/Ғалымжан Елшібай
Ғалымжан Елшібай журналистер одағының атқарушы директоры болып тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Бүгін Қазақстан журналистер одағының басқарма мүшелері мен қалалық, облыстық филиал төрағаларының қатысуымен жиын өтті. Онлайн форматта өткен басқосудың күн тәртібінде журналистердің құқықтарын қорғау, республикадағы өңірлік филиалдардың жұмысын жандандыру, мүшелік жарналарды жинау секілді маңызды мәселелер қаралды", - делінген одақтың Facebook парақшасында жарияланған жазбада.
Сондай-ақ хабарламада одақ құрылымында бірқатар кадрлық өзгерістер орын алғаны айтылған.
"Басқарма басшылығының шешімімен Қазақстан журналистер одағының атқарушы директоры болып белгілі журналист, "Егемен Қазақстан" газетінің Түркістан облысындағы тілшісі, облыстық мәслихат депутаты Ғалымжан Елшібай тағайындалды. Бұл жауапты қызметті Ғалымжан Қамытбекұлы Қазақстан журналистер одағы Түркістан облыстық филиалының төрағалығымен қоса атқаратын болды. Бұдан бөлек, одақтың Астана қалалық филиалының төрағасы болып Әмір Қасенов бекітілсе, Қостанай облыстық филиалын басқару Александра Серғазиноваға тапсырылды", - деп хабарлады одақ.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript