Президент Air Astana компаниясының бас атқарушы директоры Питер Фостерді қабылдады

Мемлекет басшысы Air Astana компаниясының бас атқарушы директоры Питер Фостерді қабылдады  Кездесуде авиация саласын дамыту мәселелері талқыланды.   Қасым-Жомарт Тоқаев Air Astana компаниясының Еуразиядағы жетекші авиатасымалдаушылардың біріне айналуға Питер Фостердің елеулі үлес қосқанын атап өтті.   Әңгімелесу барысында Қазақстан мен АҚШ арасында тікелей әуе қатынасын ашу, сондай-ақ аталған рейстерді орындау үшін алыс қашықтыққа ұшатын әуе кемелерін сатып алу мәселелеріне ден қойылды.  Президент отандық авиацияның бәсекеге қабілеттілігін одан ары арттыру қажет екенін айтты., сурет - Zakon.kz жаңалық 23.02.2026 15:00 Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Air Astana компаниясының бас атқарушы директоры Питер Фостерді қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ресми ақпаратты 2026 жылдың 23 ақпанында Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Кездесуде авиация саласын дамыту мәселелері талқыланды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Air Astana компаниясының Еуразиядағы жетекші авиатасымалдаушылардың біріне айналуға Питер Фостердің елеулі үлес қосқанын атап өтті.

Президент оған Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласындағы көпжылдық жемісті еңбегі үшін алғыс айтты.

Мемлекет басшысы жолаушылар және жүк тасымалы саласындағы бірқатар маңызды міндеттерді табысты шешу үшін британиялық менеджермен ынтымақтастық алдағы уақытта да жалғасын табатынына сенім білдірді.

Әңгімелесу барысында Қазақстан мен АҚШ арасында тікелей әуе қатынасын ашу, сондай-ақ аталған рейстерді орындау үшін алыс қашықтыққа ұшатын әуе кемелерін сатып алу мәселелеріне ден қойылды.

Президент отандық авиацияның бәсекеге қабілеттілігін одан ары арттыру қажет екенін айтты.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: