Air Astana компаниясын енді Ибрахим Жанлыел басқарады
Сурет: Telegram/PR_AirAstana
Ибрахим Жанлыел 2017 жылдан бері әуекомпанияның қаржы жөніндегі директоры қызметін атқарды. Бұған дейінгі 14 жыл ішінде ол компанияның стратегиялық және қаржылық дамуын қалыптастырған басқарушылар құрамында болды және 2024 жылы компанияның үш қор биржаларында тіркелуіне үлес қосты.
CEO ретінде Ибрахим Жанлыел операциялық орнықтылықты нығайтуға, тұрақты өсімді қолдауға және Air Astana мен FlyArystan аясындағы екі брендті стратегияны ілгерілетуге назар аударады.
Жаңа тағайындалуына қатысты Ибрахим Жанлыел былай деді:
"Air Astana компаниялар тобының Бас атқарушы директоры қызметін атқару мен үшін үлкен мәртебе әрі жауапкершілік. Бұл мен үшін маңызды кезең әрі 7 000 қызметкеріміз бен барлық мүдделі тарабымыз үшін сабақтастықтың көрінісі. Компанияның негізін қалаушы қағидаттарын сақтау және дамыту клиенттеріміз бен барлық серіктесіміз алдындағы міндеттемем. Бұл халықаралық деңгейдегі операциялық, қауіпсіздік және қызмет көрсету стандарттарының ең жоғары деңгейін қамтамасыз етуді, сондай-ақ корпоративтік басқару мен коммерциялық және қаржылық тәуелсіздікті нығайтуды қамтиды.
Ол Air Astana компаниялар тобы Орталық Азия мен Кавказ өңірінде әуе флотының көлемі және жолаушылар ағыны бойынша жетекші орынға ие екенін атап өтті.
"Air Astana тобы Орталық Азия мен Кавказ өңірінде әуе кемелері паркі мен жолаушылар саны бойынша айқын көшбасшы. Географиялық тұрғыдан әлем халқының жартысы тұрып жатқан жерге жақын орналасуымыз болашақта осының артықшылықтарын пайдалануға мүмкіндік береді. Мен Air Astana-ны басқаруды және компанияның табысты даму тарихының ары қарай жалғастыруды асыға күтемін. Мақсатымыз – Орталық Азиядағы хабтарымыз арқылы ұшатын жолаушылар үшін таңдаулы әуе компаниясы ретіндегі жайғасымызды нығайту". Ибрахим Жанлыел