Досаев Сайран көлін тазалау жұмысы аяқталғанын хабарлады
Сурет: Zakon.kz
Алматыда Сайран көлінің түбін тазалау жұмысы аяқталды. Бұл жөнінде 2023 жылғы 14 қыркүйекте қала әкімі Ерболат Досаев мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Сайран көлінің түбін шөгінділерден механикалық тазалау аяқталды", – деді Ерболат Досаев Әуезов ауданының тұрғындарымен кездесуінде.
Оның айтуынша, қазір көл аумағын қалпына келтіру және абаттандыру бойынша конкурстық рәсімдер жүргізіліп жатыр.
"Құрылыс қазан айында басталады". Ерболат Досаев
Бұған қоса ол Әуезов ауданы тұрғындарының өтініштері бойынша мына бағыттар ұзартылды: № 55 – "Сары-Арқа" метро станциясына дейін, № 142 – "Бауыржан Момышұлы" стансасына дейін (ЖЭО-2-ден), № 53 – Абай – Б.Момышұлына дейін, №78, 110, 226 да "Бауыржан Момышұлы" стансасына дейін және №132 "Сайран станциясына дейін ұзартылғанын атап өтті.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript