Екібастұзда әйел медбике болып жұмысқа тұру үшін жалған диплом жасатқан
Сурет: gov.kz
Екібастұздық әйел жұмысқа орналасу кезінде "Емдеу ісі" мамандығы бойынша Қарағанды облыстық жоғары медбикелер колледжі берген жалған дипломды пайдаланған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Дипломның жалған екенін Павлодар облысының полицейлері анықтады.
"Бұл факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 385-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталып, сараптама тағайындалды". Павлодар облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Рашад Өтеуов
Полицейлердің мәліметінше, бүгінге дейін өңірде жалған құжат жасаудың 59 дерегі тіркелген.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript