Синоптиктер алдағы күндері Қазақстанның үш ірі қаласында ауа райы қандай болатынын айтты

Синоптиктер Қазақстанның ірі қалаларында ауа райы қандай болатыны, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.09.2023 15:57 Сурет: pixabay
Синоптиктер 2023 жылдың 19-21 қыркүйегіне Астана, Алматы және Шымкент қалаларында ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Астана

19 қыркүйек – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең жеңіл тұман. Оңтүстік-батыстан 3-8 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +7+9°С, күндіз +20+22°С.

20 қыркүйек – көшпелі бұлт шығады, кей жерлерде жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан 9-14 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +8+10°С, күндіз +16+18°С.

21 қыркүйек – көшпелі бұлтты, түнде жаңбыр. Солтүстік-батыстан 5-10 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +5+7°С, күндіз +16+18°С.

Алматы

19 қыркүйек – көшпелі бұлт шығады, күннің соңында аздаған жаңбыр жауады. Оңтүстік-шығыстан 2-7 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +12+14°С, күндіз +22+24°С.

20 қыркүйек – бұлтты, кей уақытта жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 3-8, екпіні 15-18 м/с. Ауа температурасы түнде 12-14, күндіз 16-18 градус жылы.

21 қыркүйек – көшпелі бұлтты, жаңбыр жауады. Солтүстік-батыстан соғатын желдің күші 3-8, екпіні 15 м/с. Ауа температурасы түнде 8-10, күндіз 16-18 градус жылы.

Шымкент

19 қыркүйек – көшпелі бұлт шығады, күндіз жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батыстан 8-13, күндіз екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +14+16°С, күндіз +25+27°С.

20 қыркүйек – көшпелі бұлтты, түнде жаңбыр, найзағай. Оңтүстік-батыстан 8-13 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +13+15°С, күндіз +21+23°С.

21 қыркүйек – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан 8-13 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +11+13°С, күндіз +21+23°С.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: