Ақтөбеде азаматтарды валюта айырбастаймын деп алдаған жігіт ұсталды
Сурет: Zakon.kz
28 жастағы ақтөбелік бірқатар алаяқтық жасады деген күдікпен ұсталды. Ұсталған адам ақша айырбастағысы келген өзінің таныстарына тиімді шарттармен ұлттық валютаны АҚШ долларына айырбастауды жүзеге асыруды ұсынған.
Тергеу кезінде күдіктінің тағы осындай 5 фактіге қатысы бар екені анықталды.
Тергеу барысында белгілі болғандай, ол бір долларды 300 теңгеден айырбастайтынын айтып, бір азаматтан 900 мың теңгені иеленсе, екіншісінен осындай жолмен 3 миллион теңге алған.
Анықталған фактілер бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript