Ақтөбеде 20-дан астам адам алаяқтың құрбаны болды

Хакеры, программисты, кибербезопасность, мошенничество, мошенники, защита данных, взлом данных, личные данные, персональные данные, защита персональных данных, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.04.2026 12:48 Фото: freepik
Ақтөбе қаласында алаяқтық жасады деген күдікпен 26 жастағы тұрғын ұсталды.

Алдын ала тергеу барысында күдіктінің "зейнетақы жинақтарының рейтингін көтеремін" деген сылтаумен азаматтардың сеніміне кіргені анықталды. Ол қызмет көрсету желеуімен жәбірленушілердің ұялы телефондарын алып, олардың жеке деректерін пайдалану арқылы микрокредиттік ұйымдарда несиелер рәсімдеген.

Бірнеше ай өткен соң азаматтар банктерден мерзімі өткен қарыздар туралы хабарламалар ала бастаған. Осыдан кейін олар қайтадан күдіктіге жүгінген.

Алайда ол жағдайды өз пайдасына пайдаланып, олардың атына тағы да несиелер рәсімдеген. Қылмыстық әрекеттер салдарынан 22 адам зардап шегіп, келтірілген жалпы шығын көлемі 18 миллион теңгеден асты. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Полиция департаменті азаматтарды "рейтингті көтеремін, "несие тарихын тазалаймын" секілді күмәнді ұсыныстарға сенбеуге шақырады. Өз атыңыздан жүргізілетін кез келген қаржылық операцияларға мұқият болып, жеке деректеріңізді бөгде адамдарға бермеген жөн.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: