Астанадағы көшелердің біріне ақын Шандор Петефидің есімі беріледі

Астана, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.09.2023 22:31 Сурет: Zakon.kz
Астанадағы көшелердің біріне ақын Шандор Петефидің есімі берілетін болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ-тағы Маражстан президенті Каталин Новакпен кездесуінде айтты.

"Мемлекет басшысы екі ел арасындағы байланыстарды нығайту мақсатында Астана көшелерінің біріне Мажарстанның ұлт ақыны Шандор Петефидің есімі берілетінін айтты", - делінген Ақорда таратқан хабарламада.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың БҰҰ Бас Ассамблеясы 78-сессиясының аясындағы екіжақты келіссөздер бағдарламасы Мажарстан Президенті Каталин Новакпен кездесуден басталды.

Мемлекет басшысы бауырлас халықтар арасында тарихи және мәдени байланыстарға негізделген стратегиялық серіктестік орнағанын атап өтті. 

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: