СҚО полицейлері синтетикалық есірткінің аса ірі партиясын жеткізудің жолын кесті
Сурет: ҚР ІІМ
Тамыз айында солтүстікқазақстандық полицейлер астаналық әріптестерімен бірлесіп, Петропавл қаласына кіреберістегі "Оңтүстік" бақылау пунктінде Toyota Alphard автокөлігін тоқтатты.
Ішінде отырған 52 жастағы жолаушыдан сарғыш түсті кесектелген зат салынған 3 полимерлік түйіншек және бөлшектеп өлшеуге арналған құрал-жабдықтар, дәлірек айтқанда таразы мен буып-түю материалы тәркіленді.
Сараптама нәтижесі тәркіленген заттың аса ірі мөлшердегі α-PvP синтетикалық есірткісі екенін көрсетті, салмағы – 624 грамм.
"Бұл партия екі мыңға жуық адамды нашақорлыққа тартуға жеткілікті. Күдікті есірткі таратумен айналысатын интернет-дүкендердің бірінде бөлшектеп-өлшеуші болып жұмыс істеген. Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабының 3-бөлігі бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Баптың санкциясы 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын көздейді," – деп түсіндірді СҚО ПД ЕҚҚІҚБ бастығы Иван Терзиди.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript