Жаңалықтар тізбегі
0

Астана полицейлері синтетикалық есірткі тасушылардың жолын кесті

Заң бұзған адам жауапқа тартылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.06.2024 10:40 Сурет: ҚР ІІМ
"Қарасора" жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында елордалық полиция қызметкерлері Астана қаласы бойынша ҰҚКД қызметкерлерімен бірлесіп, Астана – Павлодар тас жолындағы бақылап-өткізу пунктінде 23 жастағы жолаушысымен 37 жастағы азамат басқарған Chevrolet Cobalt автокөлігін тоқтатқан.

Көлік салонын тінту кезінде жолаушылар отырғышының астынан арнайы иісі бар түйір консистенциялы ашық түсті заты бар екі пластик пакет, пышақ және 2 телефон табылған.

Сарапшының қорытындысына сәйкес, зат салмағы шамамен 2 келі болатын "Альфа – PVP" есірткі заты болып шықты.

Анықтай келгенде, олардың Павлодарға тыйым салынған заттарды тасымалдап жүргені және есірткі заттарды тарататын интернет-дүкендердің курьерлері екені анықталды.

Осы факті бойынша аса ірі көлемде есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Ұсталғандар Астана қаласы полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: