Таулы Қарабақтағы шиеленіске байланысты рейстердің кешігуі: Авиация комитеті түсініктеме берді
Оның нәтижесі бойынша әкімшілік Әзірбайжан мен Арменияның әуе кеңістігінде ұшуды жүзеге асыру кезінде жолаушылар мен әуе кемелерінің қауіпсіздігіне әсер ететін белгілі бір тәуекелдер мен қауіптер бар деп шешті.
Қазақстанға ұшып-қонуды орындайтын қазақстандық және шетелдік авиакомпаниялар ұшу маршруттарына өзгерістер енгізді.
- 19 және 20 қыркүйекте "Эйр Астана" әуе компаниясы Әзірбайжан, Грузия, Түркия әуе кеңістігі арқылы Ұлыбританияға, Германияға, Нидерландыға, Түркияға, Израильге, Египетке қатынайтын рейстердің бағытына өзгерістер енгізді. Олар Таулы Қарабақ өңірін айналып өтетін болды. Ұшу уақыты ұшу кезіндегі желдің бағыты мен жылдамдығына байланысты 5-тен 10 минутқа дейін ұзартылды.
- "SCAT" әуе компаниясы Грузияның әуе кеңістігі арқылы Қарабақ аймағын айналып өтіп, Түркияға, Египетке және Грузияға қатынайтын рейстердің бағыттарын өзгертті. Ұшу уақыты ұшу кезіндегі желдің бағыты мен жылдамдығына байланысты 5-тен 10 минутқа дейін ұзартылды.
- 19 қыркүйекте "Lufthansa" әуе компаниясы Франкфурт – Алматы/Астана – Франкфурт бағыты бойынша LH648/649 рейсін тоқтатты. Құлық танытқан жолаушылар Варшава, Ыстамбұл, Анталия арқылы рейстерін қайта брондады. "Lufthansa" әуе компаниясы Қазақстанға ұшып-қонатын рейстерін алда ұшу бағыттарына өзгеріс енгізе отырып, кесте бойынша орындауды жоспарлауда.
- 19 қыркүйекте "LOT" әуе компаниясы Варшава мен Астана арасындағы рейстерді кесте бойынша орындап, бағытын өзгертті.
20 қыркүйектегі жағдай бойынша Қазақстаннан Ұлыбританияға, Германияға, Польшаға, Италияға, Нидерландыға қатынайтын рейстер тоқтатылған жоқ, деп атап өтті Қазақстанның авиация әкімшілігі.
Бұған дейін қазақстандықтар әлеуметтік желіде Еуропадан елге орала алмай жатқандарына шағымданған.
Журналист Полина Шиманскаяның айтуынша, Армения мен Әзірбайжан арасындағы қақтығысқа байланысты Еуропадан ұшып шыққан ұшақтар жарты жолдан кері қайтқан.