Астана әуежайындағы рейстердің кешігуі: Көлік министрлігі түсініктеме берді
Сурет: Zakon.kz
Көлік министрлігі Астана әуежайында рейстер неге кешігіп келіп жатқанын түсіндірді. Сөйтсе, бұған Қорғаныс министрлігі ұшақтарының дайындық жүргізуіне байланысты елорда әуежайындағы әуе кеңістігінің уақытша жабылуы түрткі болып шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.
"28 маусымнан бастап Астана қаласының әуежайындағы рейстердің кешігуі 3-4 шілдеге жоспарланған Шанхай ұйымының саммитіне дайындық шеңберіндегі Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі ұшақтарының дайындық жүргізуіне орай Астана қаласының әуежайындағы әуе кеңістігінің уақытша жабылуымен байланысты орын алып отыр", делінген ведомство хабарламасында.
Дайындық мақсатындағы рейстер 30 маусымға дейін сағат 09.25-тен 10.20-ға дейін орындалатын болады.
"Осыған орай орын алып отырған уақытша шектеулерге түсіністікпен қарауды сұраймыз. Жолаушыларға осы уақыт аралығында әуе компанияларынан ұшу уақытын алдын ала нақтылап алу ұсынылады", делінген Көлік министрлігі хабарламасында.
Сонымен бірге әуе кеңістігінің уақытша жабылуына орай болып жатқан кідірістер басқа қалаларда, атап айтқанда Астана және Алматы қалаларындағы рейстердің кешігуіне әкеп соғуы мүмкін екенін атап өткен жөн.
Айта кетсек, осымен екінші күн Астанада әскери авиация жаттығулары өткізіліп жатыр.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript