Алматы облысында колонияға ішімдік пен телефон лақтырмақ болған азаматтың жолы кесілді
Сурет: ҚР ІІМ
Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖД қарасты №10 мекеме аумағына ішімдік пен телефон лақтырмақ болған азаматтың жолы кесілді, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Қадағалау" жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу барысында Алматы облысының ҚАЖ қызметкерлері тыйым салынған заттарды колонияға лақтыру фактісінің алдын алды.
Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖД қарасты №10 мекеменің қызметкерлері, өткізілген іс-шара барысында, алкогольді ішімдікпен телефондарды колония аумағына лақтырмақ болған ер адамды ұстады.
Оқиға орнынан скотчпен оралған түйіншекпен 0,5 литрлік екі бөтелке табылды. Түйіншек ішінен, 4 телефон және спирт иісі бар 1 литр көлемінде сұйықтық тәркіленді.
"Ұсталған адамның жеке басы анықталып, болған жәйтқа қатысты материалдар Іле аудандық полиция бөліміне жіберілді. Сондай-ақ, ұсталған ер адамның бұрын сотты болғаны да белгілі болды",- деп атап өтті ҚАЖД бастығының орынбасары Қанат Ашов.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript