Алматыда Өзбекстан ІІМ-мен 15 жыл бойы іздеуде жүрген қылмыскер ұсталды
Сурет: Zakon.kz
Алматыда көші-қон қызметі мен қалалық криминалдық полиция қызметкерлері 41 жастағы Р.есімді азаматты ұстады.
Атап айтқанда, қылмыскер "Іздеу – ТМД" жедел алдын алу іс-шарасы барысында анықталды. Өзбекстан ІІМ Сурхандария облысы ІІБ 1982 жылы туған Р.есімді Өзбекстан азаматын 2008 жылы мемлекетаралық іздеуге жариялаған. Ұсталған азамат уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оны өз еліне экстрадициялау мәселесі шешіліп жатыр, – деді Алматы қалалық ПД көші-қон қызметі басқармасының бастығы Асхат Бутунчинов.
Сондай-ақ полицияда Алматы қаласындағы қылмыстық ахуалды тұрақтандыру және ҚР-ның көші-қон заңнамасын бұзушылықтарды анықтау мақсатында 11 қыркүйек пен 30 қыркүйек аралығында Алматы қаласында "Жалдамалы" іс-шарасы жүргізіліп жатқанын еске салды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript