Жаңалықтар тізбегі
0

Қарақат Абден: "гендерлік теңдікте 50 пайызға ұмтылуымыз керек"

Қарақат Әбден сауал жолдады, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.09.2023 14:36 Сурет: Жұмабеков Ж
Мәжіліс отырысында еліміздегі гендерлік саясатты іске асыру мәселесі көтерілді. "Ауыл" партиясының депутаты Қарақат Абден өзінің сауалында гендерлік теңдікті қамтамасыз ету үшін тиісті шараларды қабылдау керектігін жеткізіп, ұсыныстарын айтты.

Депутаттың сауалы премьер-министр Әлихан Смаиловқа жолданды.

"Депутаттың айтуынша, халқымыздың 51 пайызын әйелдер қауымы құрайды. Елдегі саяси өмірге де барлық азаматтың тең дәрежеде қатысуын қамтамасыз ету маңызды. – Әрине, қазір мемлекеттік басқару ісінде, саясатта, бизнесте де әйелдер үлесі біршама артқанын мойындауымыз керек. Жаңартылған министрлер кабинетінің өзінде 4 әйел бар. Шүкір, өткен жылдармен салыстырғанда жақсы көрсеткіш. Десе де, әйелдердің көшбасшылық потенциалы әлі де толық ашылмай келеді. Мәселен, мемлекет басшысы квазимемлекеттік компанияларды басқарудағы әйелдердің үлесін 30%-ға арттыруды тапсырған еді. Бірақ, неге екені белгісіз, әлі күнге дейін мемлекеттік компаниялардың басқарушы санатындағы әйелдердің үлесі небәрі 6-7 процентті құрайды", – деп жеткізді Қарақат Абден.

Депутат бірнеше өңірді мысалға келтірді. Түркістан облысы әкімнің 5 орынбасары бар, бірақ бірде-бір әйел жоқ. Облыстағы аудан әкімдерінің саны – 17, оның біреуі ғана әйел. Облыста 21 басқарма болса, оның біреуіне ғана әйел жетекшілік етеді. Бұл көрініс, басқа өңірлерге де ортақ деуге болады. Нақты сандар өңірлік әкімдіктердегі басшы әйелдердің жалпы үлесі 17,8 пайызды ғана құрайтынын көрсетіп отыр. Тіпті ең мықты кадрлар шоғырланған Астананың өзінде әкім орынбасарларының, аудан әкімдерінің арасында әйелдер жоқ.

Өз сауалында депутат қазақстандық әйелдердің ел үшін маңызды шешімдерді қабылдауға білімі де, біліктілігі де жететіндігі туралы айтты.


"Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, мектептер мен жоғарғы оқу орындарында ұлдарға қарағанда, үздік оқитын қыздар көп. Осы ретте тағы бір сұрақ туындайды: неге олар басшылық қызметке бармайды? Саясат сахнасы білек емес, білімнің сыналар майданы емес пе?! Біз қазақстандық әйелдердің саясатта да, экономикада да бірдей өкілдік етуіне ұмтылуымыз керек. Әділдік үшін тағы да атап өтейін, көп ойланудың қажеті жоқ: Біз 30 пайызға жетіп, 50 пайызға ұмтылуымыз керек," - деді Қ.Абден.

Халық қалаулысы үкімет те әйелдердің саясатқа араласуына мүдделі болу тиіс екендігін айтып, әкімдердің қызметін бағалайтын рейтингке топ-менеджменттегі әйелдердің үлесін анықтайтын көрсеткішті қосуды ұсынды. Сонымен қатар үкімет тарапынан әйелдердің саяси көшбасшылығын дамыту бойынша нақты бағдарламаларды даярлауды талап етті.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: