Жетісу облысында екінші ауыл алкоголь өнімдерінен бас тартты
Сурет: pexels
Жетісу облысында екінші ауыл алкоголь өнімдерінен бас тартты. Сарқан ауданы Абай ауылындағы сауда орындарында алкогольдік ішімдіктерді сатуды тоқтату туралы шешім қабылданып, мас күйде жасалатын қылмыстар төмендеген, деп хабарлайды Zakon.kz.
Polisia.kz-тің хабарлауынша, Жетісу өңіріндегі тағы бір ауыл салауатты, салиқалы өмір салтын ұстануға бел буды. Алкогольдік ішімдіктерді сату мен тұтынудан бас тарту идеясын ақсақалдар көтеріп, оны елді мекеннің барлық тұрғыны бірауыздан қолдады. Сондай-ақ, жергілікті жастар да оң көзқарас танытты.
Тәртіп сақшыларының сөзінше, сауда орындарының иелеріне жаңа талаптар енгізілгеннен кейін Абай ауылында ішімдік ішуге байланысты бірде-бір құқық бұзушылық тіркелмеген.
"Полицейлер жүргізген талдау көрсеткендей, ауыр қылмыстардың жартысынан көбі және отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы барлық құқық бұзушылық мас күйінде жасалады. Абай ауылы тұрғындарының осы бастамасын басқа елді мекендердің тұрғындары да қолдайды деп үміттенеміз". Сарқан аудандық полиция бастығының орынбасары Әділмұрат Байзолда
Бұл - Жетісу облысындағы тұрғындар өз еркімен сауда орындарында алкоголь өнімдерін сатудан бас тартқан екінші ауыл.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript